Русский Сайттың толық нұсқасы

Алатау аудандық ХҚКО-да ер адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2017
  • 2465

Алматыдағы Алатау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында оқыс оқиға болды. Уақытша тіркеуге тұруға келген 53 жастағы ер адамның жүрегі тоқтап қалған. Орталықта кезекшілікте тұрған дәрігерлер жедел көмек көрсетуге кіріскенімен, жанына араша түсе алмады.

Нүркебай Құнтақов, қайтыс болған азаматтың әкесі:

Бұл баланың үй-күйі жоқ, менің қасымда тұратын еді қызымның времянкасында. Соны үйіме отырғызайын деп едім. Соған ертіп келіп едім. Таңертең осы жерде приступы ұстап құлады. Адам да көп.  Ешқандай жағдай жасалмаған.

Сәуле Ахатқызы, Алматы қаласы №20 емханасының бас дәрігері:

20-шы  қалалық емхананың қызметкерлері осы осы Алатау аудандық ЦОНда  сағат 8-ден бастап кезекшілік етті. Сағат 9-45-те медиктердің көмегін шақырған. Екі мед қызметкер жүгіріп барған. Медиктер  эпилприступ екенін көрген де, көмек көрсетуге кіріскен. Сол кезде әкесі эпилепсиямен ауыратынын айтқан. Бірден жедел жәрдем шақырған. 

Осы жағдайдан кейін «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы созылмалы сырқаты бар жандардың адам қарасы көп уақыттарда халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармауына кеңес берді. Сондай-ақ аяғы ауыр әйелдер мен кемтар жандар үшін арнайы қызмет көрсететін терезе ашылғанын хабарлайды. Ал 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге орталық қызметкерлері үйіне барып қызмет көрсетеді.