Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мектеп психологтарының заңды мәртебесін көтеру қажет", - сенатор

Елімізде бір психолог 2 мың оқушыға қызмет көрсетеді. Салдарынан мұқтаж адамға көмек берілмей жатады. Бұл туралы бүгін сенатор Ғалиасқар Сарыбаев депутаттық сауалында көтерді. Сондықтан мәселені шешу үшін мектеп психологтарының саны жөніндегі нормативті есептеуді қайта қарауды және оған сынып санына түзетулер енгізу қажет. Себебі, балалардың психологиялық жағдайы мен мінез-құлқындағы алғашқы проблемалар мектепке дейін және мектеп жасында анықталатынын ескеру керектігіне назар аударды.

Ғалиасқар САРЫБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Ресми түрде 1987 жылы психолог штаты мектептерге енгізілгенімен, олардың заңды мәртебесі анықталмаған. Еңбекақы төлеу жүйесінде олар қосымша мамандық ретінде айқындалған. Психолог ерекше мамандық екенін ескере отырып, негізгі мамандар тізбесіне енгізуді ойластыру қажет.