Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда пәтер өртеніп, үй иесі ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 09 наурыз 2024
  • 646

Өрт 9 наурызда сағат 10-56-да Лермонтов көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сағат 11:16-да толықтай жойылды.

"Пәтерде матрац өртеніп, от шалған аудан 0,1 шаршы метрді құрады. ТЖД күштерімен 1971 жылғы пәтер иесі құтқарылды. Оның түтінге уланғаны анықталып, ауруханаға жіберілді. Оқиға орнында барлығы 18 адам және 7 бірлік техника, сондай-ақ ЖҚЖ және МКО қызметкерлері жұмыс істеді".
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Өрттің себебі мен келтірілген залалы анықталу үстінде.