Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жаңбыр жауып, қар ериді"

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2024
  • 953

"Қазгидромет" РМК 10 наурызда республикамыздың кейбір өңірінде қатты жел тұрып, жаңбыр, қар жауып, су тасқыны қаупі артуы мүмкін екенін ескертеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Қызылордада да тұман болады деп болжанады.

Семейде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Шымкентте де аракідік жауын-шашын болады, найзағай ойнайды деп күтіледі.

Астанада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында боран, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады. Желдің екпіні – 15-20 м/с. Петропавлда қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Желдің екпіні - 15-20 м/с.