Русский Сайттың толық нұсқасы

Zaimer.kz сайтында жеке деректердің тарап кетуі: Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2024
  • 545

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі микрокредиттік ұйымның кесірінен жеке деректердің таралып кетуі туралы хабарлама алған қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік тұлға жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануға шақырды.

ҰҚК қазақстандықтардың жеке деректері жария болуына шетелдік барлау қызметінің қатысы бар-жоғын анықтады

Қазақстандықтардың жеке деректері телефон, көлік ұтыстары кезінде тарап кетеді

"Егер сіз жеке деректеріңіздің тарағаны туралы хабарлама алсаңыз және сіз "Займер" микроқаржы ұйымының клиенті болмасаңыз, жеке деректеріңізге қол жеткізуге келісім бермесеңіз, жағдайды одан әрі нақтылау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне шағымдануыңыз керек. Бұл сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қажет", - деді министрлік өкілі Альбина Атен.