Русский Сайттың толық нұсқасы

Әнші Тұрар Ыдырыс Сара Амангелдімен қарым-қатынасы жайлы қауесетке нүкте қойды

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2024
  • 2302

Әнші, "Егіз лебіз" мегажобасының қатысушысы Тұрар Ыдырыс "Қазақстан" ұлттық арнасындағы "1001 түн" бағдарламасына сұхбат беріп, әнші, актриса Сара Амангелдімен қарым-қатынасы жөніндегі қауесетке нүкте қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Адымен әнші әңгімесін әріден бастап, фильмге қалай келгенін баяндап берді.

"Жар-жар" – менің фильмдегі дебютім. Киноға кәсіби, оқыған адам түсуі керек деп ойлаймын. Маған "сенің түрің келіп тұр" деді. Гүлнұр Мамасарипова басқа продюссерлер арасында, басқа адамдар арасында да жалпы тұлға ретінде қатты сыйлайтын адамым. Ол кісіге "түспеймін" деп айта алмадым. Кинодағы біздің образымыз жас жұбайларды, махаббатты ойнау болды. Басында Сара екеуміз келісіп алдық. Ол менен "Қызың жоқ па?" деп сұрады. "Қызғанып қалатын ешкім жоқ, сондықтан халыққа сендіріп ойнап берейік" деді. Егер халық арасында екеуміздің арамызда бірдеңе бар деген пікір туып жатса, онда рөлімізді жақсы алып шыққанымыз. Басқа артық ештеңе жоқ", - деп ол Сара Амангелді екеуі жайында тараған қауесетке нүкте қойды.

Осы орайда Тұрар Ыдырыс Сара Амангелдімен дуэт боп орындаған "Жақсы көрем" әні осы фильмге арнайы жазылғанын айтып өтті.

"Дуэтті сол фильмге жазып қойғанбыз. "Жар-жарға" шығуы керек болған. Бірақ белгілі бір себептермен уақыт тығыз болып үлгермей қалдық. Кейін Сараның мүмкіндігі болмады. "Біз екеуміз" деген фильмге саундтрек болып шығады. Ол менің әнім, оны "Жар-жардың" уақытында жазып қойғам", - деді ол.