Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда алимент бойынша ең үлкен берешек сомасы анықталды

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2024
  • 518

Алматыда жыл басынан бері 10-нан астам борышкердің автокөлігі тәркіленді, деп хабарлайды қаладағы BAQ.KZ.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Айдын Қайдаров мәлім етті.

Алматы қаласында алимент өндіріп алу бойынша 18 мыңнан астам іс орындалды. Сондай-ақ 10 мамандандырылған кеңсе құрылған. Алматыдағы ең үлкен алимент бойынша берешек бүгінде 63 миллион теңгені құрайды. Борышкерден мүлкі мәжбүрлеп алынып жатыр. Жақында борышкерден Лексус 570 тәркіленді. Жыл басынан бері 10-нан астам борышкердің автокөлігі тәркіленді, – дейді Айдын Қайдаров.