Қырғызстан аумағында жергілікті уақыт бойынша cағат 11:53-те жер сілкінісі тіркелді.
Қырғыз Республикасы ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі 12 балдық MSK-64 шкаласы бойынша 3 балды, магнитудасы Mpv=3,4, энергетикалық класы К=8,3 құраған.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Ақ-Бұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 шақырым жерде, Қаракөл қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің күші Ақ-Бұлақ, Курменты, Ақ-Булун, Балбай елді мекендерінде 3 балл, Шаты, Кутургу, Тюп ауылдарында 2,5 балл болды.