Русский Сайттың толық нұсқасы

Шри-Ланкада қазақстандық жасөспірім қайтыс болды

Шри-Ланкада қазақстандық жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады. Оның айтуынша, 16 жастағы қазақстандық 5-ші наурыз күні серфингпен айналысып жүріп суға батып кеткен. Бала 5 күн жансақтау бөлімінде жатқан. Алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазір біздің консул сол баланың әке-шешесімен байланысты. Барлық құжаттар рәсімделіп жатыр. Сонымен қатар денені Қазақстанға жеткізу үшін арнайы компаниямен келіссөздер жүргізіліп жатыр.