Русский Сайттың толық нұсқасы

Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2024
  • 1046

Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады. Ол Мемлекет басшысына Ұлттық банктің былтыр және биылғы қаңтар-ақпан айларында жүргізген ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын таныстырды.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы, инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Ұлттық банк төрағасы жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлар сақталып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар БЖЗҚ активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйі, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндады.

Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысының бұған дейін экономиканың нақты секторын қаржыландыру ісін кеңейту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы, сондай-ақ Ұлттық төлем жүйесін дамытуға, ашық банкинг қағидаттарын енгізуге бағытталған жобалардың іске асырылуы туралы айтты. Бұдан бөлек, Президентке клиенттердің қаражатын алаяқтардан қорғау мақсатында антифрод-орталық құру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және бюджет шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгенің әлеуетін пайдалану жайында мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.