Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» мектеп түлектерін кәсіби білім алуға шақырды

  • AstanaTV
  • 17 қаңтар 2017
  • 2506

Жаңа оқу жылынан бастап бірқатар колледждер тегін кәсіптік білім беруге көшеді. Ел президентінің «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауына сәйкес, «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы жүзеге аспақ. «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы мектеп түлектеріне жобаның артықшылықтарын түсіндіріп, еңбек нарығына қажетті жұмысшы мамандықтарын алудың маңызына тоқталды.

Нұрлы Әйтиева,  «Нұр Отан» партиясы АО филиалы білім бағыты бойынша партиялық кураторы:

Олар стипендия да алады.  Бірақ өз мамандығын жақсы дамуы керек. Осы жақында осындай шешіммен Атырау облысының мектептерін араладық. Көріп отырмыз. Мүмкіндік бар. Балалармен жұмыс істеу керек.

Жоба мектеп бітірген жастарға алғашқы мамандықты тегін алып, еңбек нарығындағы сұранысқа сай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Аймақта 25 техникалық колледж бар. Соның 11-і жоба аясында жұмысшы мамандықтарын тегін оқытпақ. «Кәсіпқор» холдингі әзірлеген 45 білім бағдарламасы тәжірибеге енгізіледі.

Жанаргүл Жұмабаева, Атырау қаласы №8 орта мектептің мұғалімі:

Оқушыларды осы кәсіптік-техникалық мамандық алуға шақырып жатқан бастамасы өте оңды деп ойлаймын.  Қазақстанды гүлдендіруге жұмысшы мамандықтар, яғни кәсіптік-техникалық бағыттағы мамандықты  алған жұмысшылар өте қажет.