"Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - бүкіл адамзаттың асыл мұрасы". Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде осылай деген. Үкімет басшысы Президенттің сәулет өнерін сақтау жөніндегі тапсырмасының орындалу барысымен танысты. Тарихи кешенде өткен жылдың тамыз айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде кесенеде сыртқы орта мен климаттық факторлардың әсерін өлшейтін датчиктер орнатылған. Премьер-Министр мәдени ескерткішті сақтау үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды екенін атап өтті.
Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – тек қазақ халқының емес, бүкіл адамзаттың асыл мұрасы. Сондықтан, біз оның тарихи келбетін сақтауымыз керек. Бұл біздің ортақ міндетіміз, бәріміздің. Үкімет тарапынан да қолдау болады. Мемлекет басшысы кесененің тарихи келбетін сақтауға қатысты тапсырма берді. Қазір зерттеулерді дұрыстап өткізіп, шара қабылдау керек.