Русский Сайттың толық нұсқасы

Мейірімділік пен жанашырлық кезеңі

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2024
  • 974

Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған. Жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Наурызнаманы мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, қадірін арттыру аса маңызды, өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болатын.

Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірді. Мысалы, ішер ас, мініс көлікке зар болған мұқтажға ауылдас ағайын жылу жинап, көмек беретін. Айтып келмейтін апатқа душар болғандарға мал, киім, тіпті ыдыс-аяққа дейін түгендеп, үй-жай берілетін.Жанашырлық пен мейірімділіктің мұндай мысалдары жетерлік. Сондықтан «Қайырымдылық» күнінің тақырыбы қазіргі қазақ қоғамда әлі де кеңінен таралуы тиіс құндылықтармен тығыз байланысты.