Русский Сайттың толық нұсқасы

Халық саны 2000-нан асатын ауылдардың өз бюджеті болады

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2017
  • 3260

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов адал министр болуға және жарты жылда қазақ тілін үйренуге уәде етті. Мәжіліске алғаш рет келген су жаңа министр "Астана" арнасының сұрағына осылай деп жауап берді. Жаңа жылдағы алғашқы отырысын бастаған депутаттар жұмысты сағынып қалған секілді. Жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту бойынша заң жобасын таныстырған министрді сұрақтың астына алды.

Айгүл Әдепбай, тілші:

Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімдерін жемқорлыққа қарсы қызметтің құрығына іліп бермей ме? Заң жобасының бірінші оқылымында Мәжіліс төрағасының өзі осындай сұраққа қалды. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Акимы этих поселков, сельских округов могут стать потенциальными "клиентами" антикоррупционной службы из-за своей неподготовленности. Вы понимаете, к чему толкаем?

Мәселе мынада, жергілікті өзін өзі басқару заң жобасы бойынша 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтарда мемлекеттік бюджеттің 4 - деңгейі енгізіледі. Бұған аудандық маңыздағы қала, ауыл, кент, ауылдық округтер жатады. Осындай бюджет 2020 жылдан бастап барлық елді мекендерде болады деп жоспарланған. Демек, ауыл әкімдерінің қолына қомақты қаржы түседі. Олар өз бюджетін өздері реттейді. Мәжіліс төрағасының "ауыл әкімдері бюджетті басқарып көрген жоқ, не ақшаны шашады, не жемқорлықпен ұсталады" деп алаңдауы содан.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Дайындық шараларын әзірлеу өте маңызды. Төртінші деңгейлі бюджет ауылдық жерлерде жұмыс істеу үшін адамдар дайын болу керек. Қазір ауыл әкімдеріне тренингтер, оқытулар жүргізіліп жатыр. 

Нұрлан Нығматули, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

2,5 мың әкімге бір күнде аспаннан түскендей болып, қолдарына сонша қаржы түседі. 110 миллиард теңгеден астам. Бұдан бөлек олардың коммуналдық меншікті басқару құзыреті бар. Осынша ақшаны басқарып көрмеген ауыл әкіміне ешқандай тренинг көмектеспейді. Миністірліктің бекітілген бюджетінде артық тиын да жоқ оқытуға. Оны кім қалай ұйымдастырады? 

Ұлттық экономика министрлігі ауылдың бюджеті ауданнан келетін трансферттермен қоса, мүлік, жер және өзге де салықтардың есебінен толады деп отыр. Қазір ауданнан 2,5 мың ауылға 100 млрд теңгеден астам ақша аударылуға дайын көрінеді. Бұған қоса жергілікті жерлердің бақылау шоттарында 11 млрдқа жуық қаржы бар екені айтылды.  Ал Мәжіліс төрағасы қаржы министрлігіне «бастарыңды құмға тықпаңдар» деп ескерту жасады.

Нұрлан Нығматули, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Бұл жүйе жалпыға ортақ декларация сияқты аяқталмасын. Сіздің әріптестеріңіз 2017 жылдың бірінші қаңтарынан бәрін іске қосамыз деп сендірді. Ал халық шулаған кезде, бастарын құмға тыға қойды. Қазір дайынбыз десеңіздер де, тыңғылықты дайындалу керек.

Ал қызметіне енді ғана кірісіп жатқан министр Тимур Сүлейменов журналистердің ұлттық экономика министрлігінің бұған дейінгі аты шулы істерінен соң, бұл ведомствоға қорықпай келдіңіз бе деген сұрағына, мен адал боламын деп ант су ішті.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Саған дейін кім жұмыс істегені маңызды емес. Сен өз жұмысыңды жақсы атқарып, тапсырмаларды орындап, қызметкерлеріңе, қоғамға, азаматтарға  адал болсаң, бәрі де болады.

Айгүл Әдепбай:

Дегенмен Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ал су жаңа министр Тимур Сүлейменов екінші оқылымда барлық олқылықтарды ескеріп келуге уәде берді. 

 Айгүл ӘДЕПБАЙ