Оралда патрульдік полиция көпірден секірмекші болған қызды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Полиция қызметкерлері Дамир Казиханов пен Мирас Каримоллин түнгі патрульдеу кезінде көпір қоршауынан секірмекші болған қызды байқап қалады.
Полицейлер шапшаңдық танытып, қас-қағым сәтте қарғып кете жаздаған қызды құтқарып үлгерді.
"Мұндай әрекетке үйдегі жанжал итермелеген. Қазір оның жағдайы жақсы және туыстары қолдау көрсетіп жатыр", - деп хабарлады полиция.