Русский Сайттың толық нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысында 95 ауылды су басу қаупі бар

  • AstanaTV
  • 18 қаңтар 2017
  • 2671

Солтүстік Қазақстанда 95 ауылды су басу қаупі бар. Бұл жайында облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Құтқарушылар биыл көктем ерте келетінін айтады. Казгидрометтің болжамына сенсек, наурыздың аяғында ауа температурасы +8 градусқа дейін көтерілмек. Демек, қар жылдам еріп, ізінше өзен-көлдер тасуы мүмкін. Қазірдің өзінде жауын-шашын мөлшері мен қардың қалыңдығы қалыпты жағдайдан 1,5-2 есе артып отыр. Сондықтан тасқынның алдын алу шаралары ерте басталды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 226 миллион теңге қаралыпты. Айта кету керек, былтырғы тасқынның шығынын өтеуге үкімет резервінен 1,3 миллиард теңге бөлінген.

Асхат Бəкішев, СҚО ТЖД бөлім басшысы:

3 жыл қатарынан тасқын қаупі сейілмей келеді. Осы уақыт аралығында өңірдегі көлдер суға толып, шарықтау шегіне жетті. Мəселен, Үлкен Тараңғұл көлінде 120 миллион текше метр су бар. Біздің мұндай көлемді ұстап қалуға мүмкіндігіміз жоқ. Су өткен ғасырда қазылған арықтар арқылы далаға кетеді.