Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні: Алматыда 200 жас домбырашы күй тартты

  • AstanaTV
  • 16 наурыз 2024
  • 1349

Наурызнаманың онкүндігі аясында Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтілді.

Еліміздің мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтарына арналған кеште Әуезов ауданының «Даму Бала» шығармашылық үйірмелерінің тәрбиеленушілерінен құралған 200 жас домбырашы күй тартты.

Олардың ішіндегі ең кішісі - 6 жаста.

Мерекелік концерт барысынла Құрманғазының «Адай» және «Балбырауын», Ә. Желдібаеваның «Ерке сылқым», Н. Тілендиевтің «Әлқисса» және басқа да күйлері орындалды.