Алматы облысында Қарасай ауданы, Үштерек ауылында жалпы алаңы 100 ш.м. жеке тұрғын үй мен сарайдың шатыры жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрттен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы және ТЖД техникасының 2 бірлігі жұмыс істеді, - деп жазылған хабарламада.