Орал қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Жастар мәдениет сарайының ұйымдастыруымен қалалық көрме залында Қолөнершілер одағының мүшесі, қолөнер шебері, «Urshyk» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Лаубайқызының «Ұршық пати» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қолөнер бұйымдарының заманауи үлгісін қолдану арқылы қолөнершілердің жеке брендін қалыптастыру, жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шарада шеберлік сағаты ұйымдастырылып, қолөнер бұйымдары таныстырылып, қыз-келіншектерге ұршық үйірудің қыр-сыры көрсетілді.