Русский Сайттың толық нұсқасы

Семей - Павлодар тас жолында көлік аударылып, төрт адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2024
  • 1721

Бесқарағай ауданында Семей - Павлодар тас жолында жеңіл көлік аударылып қалды. Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шегіп, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

16-17 наурызына қараған түні "Семеновка" ТМҚП-қа Бесқарағай ауданында Семей-Павлодар тас жолында көлік аударылып, 4 зардап шеккен адам көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Оқиға орнына келіп жеткен медицина қызметкерлері аударылып жатқан көлікті көріп, бірден көмекке ұмтылды. 

"ТМҚП қызметкерлері зардап шеккендерге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, түрлі жарақаттармен Бесқарағай ауылының орталық аудандық ауруханасына жеткізді", делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.