Русский Сайттың толық нұсқасы

"Ұлттық киімді жылына бір рет қана емес, мүмкіндігінше жиі кию керек", - тұрғын

Ұлттық киімді жылына бір рет қана емес, мүмкіндігінше жиі кию керек. Сол арқылы дәстүрімізді сақтап, келешек ұрпаққа мұра ете аламыз". Елордада Ұлттық киімді ұлықтауға арналған шараға қатысушылар осылай дейді. Акция аясында 500-ге жуық өнер жұлдызы мен театр әртістері флешмоб ұйымдастырып, "Қошқар мүйіз" оюын бейнеледі.

Ұлттық киім - қазақ мәдениетінің маңызды және ажырамас бөлігі. Ал сол шапан, қамзол, сәукелелердің көркіне көрік қосып, ажарын аша түсетін түрлі ою-өрнектер. Оның ішінде «қошқар мүйіздің» әрбір қазақ үшін маңызы зор. Оның көк туымызда да бейнеленуі тегін емес. Мереке қарсаңында қала әкімдігінің 13 мәдени мекемесінің қызметкерлері алаңға шығып, «Қошқар мүйіз» бейнеленген флешмоб ұйымдастырды.

Еркебұлан АҒЫБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК "НАЗ" БИ-АНСАМБЛІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
19 ғасырда Болған ана деген анамыздың жатқан жерінен алтын тостаған тапқан. Алтын тостағанның түбінде қызғалдақпен әшекейленген сурет салынған. Сол қызғалдақты апаларымыз әлі күнге дейін көрпешелерде тігеді. Сыртынан өрнек өрнектелген. Ол әлі күнге дейін өзгермеген. Сол қазақтың өрнегін, қошқар мүйізін осында шығарып отырмыз.
Ұлттық киімді жылына бір рет қана емес, мүмкіндігінше жиі кию керек. Акцияға қатысушылар осылай дейді.

Сергей СОЛОДОВНИКОВ, "ЖАСТАР САРАЙЫ" МКҚК ДИРЕКТОРЫ:
Біз, шын мәнінде, тек кеңсе киімін ғана емес, Ұлттық нақыштағы киімдерді киюге болады. Оның үстіне біз мәдениетсаласының қызметкерлеріміз. Әрдайым халықтың алдында жүреміз. Жалпы адамдар биылғы жылы мерекені керемет тойлауда. Көңіл-күйлері керемет. Ауа райы да тамаша болып тұр.
Ұйымдастырушылар мұндай акцияларды еліміздің барлық өңірінде өткізу керек дейді. Себебі Ұлттық киімді насихаттау – дәстүрді сақтап қана қоймай, ұлттық рәміздер дің элементтері бар киімдерге деген сұранысты арттырады.

Жаңабай МЕЙІРМАНҚҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Астана қаласында наурыз мейрамына орай 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Оның бірнешеуі өтіп те кетті. Атаулы күндердің әрқайсысын ерекше өткізіп жатырмыз. Бүгінгі ұлттық киім күнін әріптестерімізбен өткізуді жөн санадық.
Айта кетейік, жауаптылар мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.