Русский Сайттың толық нұсқасы

Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп- гимназияда көшбасшылар алаңы өз жұмысын бастады

Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Абай атындағы мектеп-гимназияда «Тұлғалар жолын жалғаған ұлы көш: кеше, бүгін, болашақ» атты көшбасшылар алаңы өз жұмысын бастады. Онда оқу ордасын үздік басқару, сапалы білім берудің озық үлгілері, педагогикалық кәсіби даму тақырыптары кеңінен талқыланды. Мектепті 1979 жылдан бері қарай басқарған директорлар еңбек жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Үздік тәжірибелердің ортаға салынуы, интеллект, өнер үйірмелері, жаратылыстану сабақтары бойынша арнайы практикалық-зертханалық кабинеттердің ұйымдастырылуы оқушылардың өсуіне, жақсы тәжірибе алуына көмектеседі дейді семинарға қатысушылар. Шара білім ошағының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Айгүл САТАНҚЫЗЫ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ:

Семинарымыздың мақсаты – мектебіміздің 85 жылдығына орай ұрпақтар сабақтастығынг көрсету. Бүгінгі семинарға аудандық, облыстық мектептердің көшбасшылары келіп отыр. Олар өздері үйренеді, біледі деп үміттенеміз. Әрі қарай өздерінің жұмыстарына осы жобаларды, үлкен ұстаздарымыздан алған насихаттарын, үгіттерін пайдаланады деп ойлаймыз.

Қазір мектепте 150 мұғалім еңбек етеді, 2000-нан аса оқушы білім алып жатыр. Балалардың жан-жақты дамуы үшін «Қуыршақ» театры, «Жасанды интеллект » кабинеті, «Грин Һаус» жылыжайы жұмыс істеп тұр.

Аида САПАРҒАЛИ, 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ:

Биология пәнінен практикалық жұмыстарды осы тігінен жасалған жылыжайда өткіземіз. Және біздің әрбір сабағымыз біріне-бірі ұқсамайды, қызықты болып өтеді. Және біз осы практика арқылы білімімізді нығайтып отырамыз. Сол үшін мектеп басшылығына алғысымызды білдіреміз.