Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев балаларға арналған оңалту орталығына барды

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығының емделушілерін Наурыз мерекесімен құттықтады. Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев орталықтың бірнеше жылдан бері ерекше балаларды дамыту және инклюзивті қоғам қалыптастыру жолында белсенді жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Сондай-ақ бұл мәселеге Мемлекет басшысы үнемі баса мән беріп отырғанын тілге тиек етті. Кездесу барысында сенаторлар есту, сөйлеу, көру, аутизм спектрі және басқа да ауытқулары бар балаларды оқытудың арнайы жобаларымен танысты. Орталықта интерактивті бөлмелер, арнайы әзірленген дамытушы жабдықтары бар сенсорлық-динамикалық залдар бар. Қазір мұнда 200 бала мен психоневрологиялық патологиясы бар 42 адам есепте тұр. Есту қабілеті бұзылған 20-ға жуық адам және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналар аспаз, тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді.