Сәбиіне
екпе салдырудан бас тартатын ата-аналарды райынан қайтаруға бола ма? Ақтөбелік
ақ халаттылар осы мәселеге орай әлі де бас қатырумен келеді. Былтыр жыл басында
олардың саны 2 мың 140 болса, жаңа жыл қарсаңында тағы 350 адамға артқан. Олардың 90 пайызы мұның себебін діни
көзқарастарымен түсіндіреді. Мұндай атта-аналарды райынан қайтару үшін
атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі қандай?
Жақсыбек Кемал тарқатады.
Мамандар:
«Ата-ананың екпеден бас тартуы - перзентіне қиянат ойлағаны», - дейді. Себебі
иммунитеті әлсіз балаға ауру жұққыш келеді. Өкініштісі, соңғы бір жыл ішінде
екпе алмаған екі сәби құрт ауруын жұқтырған. 30 жастағы Гүлғайша баласы дүниеге
келгенде екпеден бас тартыпты. Ол да себебін діни көзқарасымен байланыстырады.
Дегенмен, қазір қатесін түсініп, туберкулезге қарсы диспансерде ем алуда.
Гүлғайша
Ақтөбе, қаласының тұрғыны:
Алла
тағала жолында жүрген анамын. 3 балам бар. 2016 жылдан бастап осындай қайғылы
жағдайға тап болдық. Отбасымызға туберкулез келді. Оның барлығы дүниеге
келгенде дәрігердің айтқанын тыңдамай, екпе жасатпағандықтан осындай жағдайға
түстім деп өкінемін.
Екпеден
бас тартатындардың дені Ақтөбе қаласында. Сондай-ақ, жат ағымда жүрген жастар
қатары азаймай тұрған Темір, Мұғалжар Шалқар және Алға аудандарында көп.
Денсаулық сақтау мамандары екпе алмаған
сәбидің кез-келген ауру түрін жұқтыру ықтималдығы зор екенін айтады. Ал,
ондай баланы мектепке, басқа да адамдар көп шоғырланған жерлерге жібермеуге
ешкімнің құқығы жоқ.
Әсет
Қалиев, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Заң
жүзінде біз екпені жасаймыз тек ата-ананың келісімімен. Егер келіспесе, заң жүзінде оларды қинап жасай алмаймыз.
Әрине, бұл сұрақты негізі түбегейлі шешуге болады, егер заңға өзгеріс жасап,
міндеттесе. Мысалы, екпе алмаса, балабақшаға алмаса, мектепке жібермеу деген
сияқты.
Облыстағы
үлкен емханаларға арнайы иммунолог дәрігерлер бекітілген. Олар емдеу мекемесіне
келетін ата-аналарға екпенің маңызын ұғындыруға тырысады. Белгілісі, кейбір
ата-аналар әлеуметтік желілерде тарайтын жалған ақпараттарға сеніп, екпеден бас
тартады екен. Сондықтан өткен жылдың соңынан бастап дәрігерлер мен теологтар
арнайы топтар құрып, түсіндіру жұмыстарын жүргізе бастады.
Төлеби
Оспан, ҚМДБ Ақтөбе облысындағы өкіл имамы:
Ислам
дінінде бұл екпеге еш қарсылық жоқ. Жеті ауданды аралау барысында да біздің мамандар, егер сол ауандарда екпе алмауын діни
көзқарасына қатысты алмаған болса, жұмыстар барысында оларға түсіндіруге тырысты.
Жақсыбек
Кемал, тілші:
Теологтар
мен дәрігерлер түсіндіру жұмыстары қазірдің өзінде нәтиже бере бастағанын
айтады. Соңғы екі айдың өзінде екпеден бас тартқан 30 ата-ана райынан қайтқан.
Жақсыбек
КЕМАЛ