Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда нөсер жаңбыр жауады

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2024
  • 623

Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылатын болады.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 20-22 наурыз аралығында Алматыда ауа райы бұзылып, нөсер жауын жауады, соған байланысты қалалық коммуналдық қызметтер дайындалып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта 536 жұмысшы мен 89 бірлік арнайы техниканың күшімен арық желілерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа айналған жерлерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан негізгі меридиандық арықтарды тазарту аяқталды. Көлденең арық желілерін жинау жұмыстары жалғасуда. 18 наурыздағы жағдай бойынша 640 тонна қоқыс, сазды балшық, лай және мұз шығарылды.

Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін мотопомпалармен және шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылады. 2,3 мыңнан астам қап құм дайындалды. Аудандық әкімдіктерде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылатын болады.

"Ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға тауға барудан бас тартуға, жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі. Су басып қалуды болдырмау үшін қала тұрғындарынан арықтаға, нөсер ағындары мен каналдарға қоқыс тастамауды өтініп сұраймыз", - делінген хабарламада.