Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыстың ұлы күнін Түркістан облысының тұрғындары да кең көлемде атап өтіп жатыр

Ұлыстың ұлы күнін Түркістан облысының тұрғындары да кең көлемде атап өтіп жатыр. Ауыл-аймақта түрлі шаралар ұйымдастырылып, халық мәре-сәре. Қазір өңірдегі тілшіміз Айзада Төребекқызы тікелей байланысқа шығады. Айзада, сөз сізде....

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

- Қайырлы күн, Бекболат! Мен қазір үш бидің басы қосылған Ордабасы ауданының орталығында тұрмын. Мерекені тойлауға жиылған халық көп. Көңіл күй өте керемет.
- Тіпті түнімен жауған нөсер жауын да басылып, наурызды тойлауға қолайлы болып тұр.
Айта кетейін, Ордабасы ауданында 130 мыңдай халық тұрады. 10 ауылдық округ бар. Барлығы бүгін осы жерге ақ шаңқан киіз үйлерін тіккен. Қызылды жасылды ұлттық киімдегі қыз-жігіттер, әжелеріміз мерекенің шырайын аша түскен. Барлығы ән салып, би билеп, мерекенің сәнін келтіріп ақ отыр.
- Мерекелік шара барысында музыкалық театрландырылған көріністер қойылып, ән мен күй төгілді. Жырдан шашу шашылды. Қазір менің жанымды бір топ әжелеріміз тұр. Сол кісілердің құттықтауын тыңдасақ.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Айта кетейін, бүгін мерекелік шара барысында ұлттық спорттық ойындарымыз да ойналып жатыр. Наурыз тойын Түркістан қаласының тұрғындары да тойлайды. Түс ауа Түркістан төріндегі той басталады.