Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысында 80 отбасы Наурыз мейрамында баспаналы болды

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2024
  • 616

Наурыз мейрамында Орал қаласының Зашаған кентінде 9 қабатты жаңа тұрғын үй қолданысқа берілді. Айтулы шара Наурызнаманың Ынтымақ күнімен қатар келді.

Пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Өңір басшысы жиналғандардың барлығын Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне бақыт тіледі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті. Осы орайда, әр отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар маңызға ие. Бүгінде Орал қаласында мемлекеттік бағдарламалар арқылы 14 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал мемлекеттік бағдарлама аясында салынған көпқабатты тұрғын үйлер «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға жеңілдетілген пайыздық несиемен беріледі. Бүгін, міне осы бағдарлама арқылы кезекте тұрған 80 отбасы баспаналы болды. Бүгінгі жаңа пәтер иелерін баспаналы болуларымен құттықтаймын. Сондай-ақ, Наурыз мейрамы баршаңызға құт-береке әкелсін!", - деді аймақ басшысы.

Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" жобасы жүзеге асуда. Жаңа тұрғын үй құрылысы аталмыш жоба аясында жүзеге асырылды.