Русский Сайттың толық нұсқасы

«Оrda FM» радиосы Наурыз мерекесін ерекше атап өтті

«Орда ФМ» радиосы Наурыз мерекесін ерекше атап өтті. Ұжым «Ханшатыр» ойын-сауық орталығында қоғам қайраткерлерімен бірге тікелей эфирге шықты. Онда «Наурызнама» тұжырымдамасы жөнінде сөз қозғап, мерекенің тарихына тоқталды. Белсенділер ұлттық тағамдар туралы айтып, қазақы нақыштағы киімдердің мән-мағынасын түсіндірді.

Серікзат ДҮЙСЕНҒАЗЫ, Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕҰУ «ТЕЛЕРАДИО ЖӘНЕ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Наурыз мерекесі балалардың мерекесі болса екен деген ой бар. Яғни, «ұйқы ашар», «селт еткізер» бұл - жастардың арасында өткізілетиін дүние. Үлкендер «ерулік», «қарулық» басқа да қонақкәдесін шақыра береді. Ал балалар не істейді деген дүниеде мен ойлаймын, осы Наурызда жана эфирде де айттым, балаларға бірнарсе ойлап табу керек.