Қарағанды облысында құтқарушылар 3 адамнан тұратын отбасыны құтқарып қалды. Бұл туралы Azattyq Ruhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Қарағанды облысының Шахан кентінде 3 адамнан тұратын отбасыны іздестіру жүргізілді, азаматтар Шахан кентінен 3 км қашықтықтағы дала массивімен үйге бара жатқанда адасып кеткен, бұл ретте ер адам аяғын басып жүре алмай қалған.
ТЖД іздестіру тобы жоғалған азаматтарды тауып, жедел медициналық жәрдем қызметіне тапсырды.