Ақтауда үйдің шатырынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 22 наурызға қараған түні болған. Мәйітті 12-шағын аудан тұрғындары тауып алған.
Алдын ала болжам бойынша, адам көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.
Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.