Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлытауда мыңға жуық жылқы қырылып қалды

  • AstanaTV
  • 23 наурыз 2024
  • 533

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында жылқылар аштық пен аяздан жаппай қырылған.

Кеше облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы Жаңаарқа шаруаларымен кездесіп, оларды наурыз айының соңына дейін ауыл әкімдері мен мал дәрігерлері өлген жылқылардың нақты санын анықтайды деп сендірді.

Қолдау шаралары өлген жануарлардың түпкілікті санағынан кейін көрсетіледі. Өңірдегі малдың қырылуы бәрімізге сабақ болуға тиіс, - деді әкім.

Сондай-ақ ол былтыр облысқа бөлінген 1,4 миллиард теңге субсидияның 749 миллионын Жаңаарқа ауданының шаруалары алғанын еске салды. Бұл қаржы нақты 2023-2024 жылдардағы қысқы мал азығын алуға бөлінген.

Әкім малшыларды мал басын есепке алудан қашпауға шақырды. Біріншісі қаражатты есепке алуға, екіншісі жоғалған малды қайтаруға көмектеседі.