Желіде Мәскеудегі терактіні Тәжікстан азаматтары жасаған болуы мүмкін деген ақпарат тарады. Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі бұл қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерттік кешенінде болған террористік шабуылға байланысты Тәжікстан азаматтарының немесе тәжікстандықтардың қатысы бар деген болжамды ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарау қажеттілігін сұраймыз. Біз Тәжікстан тарапы "тәжік азаматтарының қатысы бар" деген ақпарат қазіргі уақытта Ресей билігінен ресми түрде расталмағанын хабарлаймыз. Осыған байланысты ресейлік мемлекеттік органдар таратқан ресми ақпаратқа сүйенуіңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ елдің Сыртқы істер министрлігі тексерілмеген және сенімсіз ақпараттың таралуы қазір елден жырақта жүрген Тәжікстан азаматтарына зиян тигізуі мүмкін екенін еске салды. Бұған дейін Украинада олар Мәскеудегі терактіге еш қатысы жоқ деп мәлімдеген болатын. Бұл ретте кей батыстық БАҚ-тар да оқиғаға ДАИШ лаңкестерінің (Қазақстан Республикасында тыйым салынған) қатысы болуы мүмкін екендігі туралы айтты, бірақ бұл мәлімет те ресми расталған жоқ. Бірқатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, Интерпол ұйымның басшысы бұл оқиғаны тергеуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.