Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да көлік терезесін заңсыз қараңғылатқан автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылды

  • AstanaTV
  • 23 наурыз 2024
  • 700

БҚО-да көлік терезесін заңсыз қараңғылатқан автокөлік жүргізушісі жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

22 наурыз күні сағат 08:15 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Ақтөбе-Астрахань тас жолының 814 шақырым тұсынан шетел автокөлігінің алдыңғы бүйір терезесін қараңғылатып келе жатқанын байқап, тоқтатқысы келген. Алайда, жүргізуші тоқтамай, 815 шақырым тұсынан тоқтатылды.

Бұл құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы, 5-бөлімі (техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) және 613-бабы, 1-бөлімі (Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталғар іс-құжаттар Құрманғазы аудандық сотына жолданды.

Осы ретте, жол қозғалысына қатысушыларға жол ережесін қатаң сақтап және басқа да құқық бұзушылықтарды жасамау керектігін қатаң ескертеді.