Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауда еріген қар суы мектепті басып қалды

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2024
  • 1392

Көкшетаулықтар мектеп дәліздері мен сынып бөлмелерін еріген қар суы басып қалғанын видеоға түсіріп алған. Жағдайға облыстық төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram желісіндегі sinegor.kz парақшасында жарияланды. Жазба авторларының айтуынша, Көкшетауда Бірлік ықшам ауданындағы №22 орта мектепті су басқан.

"Бұл қардың еруінің салдары. Мектеп оқушыларының демалысқа шыққаны жақсы болған", - деп жазады автор. Жазбаға пікірде Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Ведомство мектеп жертөлесіндегі су сорылып біткенін атап өтті.

"Су басу себебі ішке өтетін электр коммуникацияларының саңылауларының герметизацияланбауы. Қазіргі уақытта жертөлеге судың ағуы тоқтатылды", - делінген ведомство хабарламасында.