Русский Сайттың толық нұсқасы

"Бұл мекенге бірге баруды қатты армандадық". Ерке Есмахан жаңалығын бөлісті

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2024
  • 16866

Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Raim-мен демалысқа кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл жолы таңдау Ыстамбұл қаласына түскен. 

"Бүгін демалысқа ұшып бара жатырмыз. Raim екеуміз ғана. Кездесіп жүргенде бұл мекенге бірге баруды қатты армандадық. Қол ұстасып дүние жүзін араласақта. Біздің махаббатымыз үшін орны бөлек қалаға жол енді түсіп жатыр. Ал бала-шағаны Оралға жібердік. Ата-әжесінің бақытында шек жоқ. Айта кетейін, алдында концертте жүргенде Ислам суалып кетті. Қысқасы, рахат өмір", - деп жазған әнші.