Русский Сайттың толық нұсқасы

Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы келісімшарты туралы айтты

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2024
  • 1166

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грекиядан жеңілгеннен кейін командадағы болашағы туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының YouTube-тағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. Еске салайық, 22 наурызда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі аясында Грекия құрамасымен кездесіп, ірі есеппен жеңілген болатын.

– Менің назарым келесі ойында. Әзірге менің барлық ойым сол матч туралы, – деді Магомед Адиев.

– Ресейден ұсыныс түсті ме? – Люксембургке қарсы матчты өткізіп алайық, содан кейін федерация президентімен бәрін талқылаймыз деп шештік.

– Өзіңіз үшін шешім қабылдадыңыз ба, әлде әлі ойланып жүрсіз бе?

– Менің жалғыз жауабым осы. 26 наурызда Қазақстан ұлттық құрамасы Люксембургпен жолдастық кездесу өткізеді.