Русский Сайттың толық нұсқасы

Испанияда суға талас басталды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2024
  • 1309

Барселона тұрғындары суды оңды-солды шашуға жол бермейміз дейді. Жалпы елде тұрғындарға күніне 200 литр ғана суды жаратуға рұқсат етілген, деп хабарлайды Хабар24.

Ал бес жұлдызды қонақ үйлерде әлдеқайда көбірек 242 литр су пайдалануға болады. Туризмнен түсетін табыстың 14,5 пайызы саяхатшылардан келетіндіктен Испания билігі елді жайлаған қуаңшылық туризмге әсер етпеуге тиіс дейді.

Ал бұған қарапайым халық наразы. Қазір Испания қалаларында барлық жерде, суды үнемдеңіз деген плакаттар жапсырылған.

Біздің қиналғанымыз туристерге әсер ете ме, жоқ па білмеймін. Өзгелер бұған түсіністік танытып, бей-жай қарамаса дейміз. Өйткені жағдай ушығып барады, - дейді тұрғын Жозеп Сабате.