Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та 2D, 3D принтерден шыққан шоколадтарға сұраныс артты

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2024
  • 785

АҚШ-та инновациялық жолмен жасалған тәттілерге сұраныс артып келеді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. 

Шоколад жасаушылардың айтуынша, мұндай өнімді басып шығару қиын шаруа емес. Арнайы жасалған 2D принтерге тағамдық бояуды қосып, компьютер арқылы дизайынын белгілеп, енгізсе жетіп жатыр. Ақылды құрылғы санаулы секундта қалаған түстегі жазумен тәттіні басып береді. Бұл мүмкіндік 2D немесе 3D шоколадтарына сұраныстың артуына да себеп болып отырса керек.

Жак Торрес, Шоколад өндіруші:

Даралану тренд болып тұр . Клиенттер өздері үшін жасалған өнімдерді жақсы көреді, сондықтан бізде Туған күн, Пасха секілді секілді мерекелерге арнайы адамдардың аты-жөнін жаздырып жатады. Тіпті компаниялар өз логотипімен шығаруға көп тапсырыс береді. Сондықтан біз тағамдық бояуды ақ шоколадтарға басып шығарып береміз.