Русский Сайттың толық нұсқасы

Заңгер мамандығын бітірген түлектердің 57 пайызы ғана жұмысқа орналасқан

Заңгер мамандығын бітірген түлектердің 57 пайызы ғана жұмысқа орналасқан. Бұл тек жоғарғы оқу орнын бітірген студенттердің статистикасы. Ал колледжі тәмамдап, жұмыссыз жүргендері тіпті көп. Бұл мәселе Сенатта өткен заң білімінің сапасын арттыру тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция талқыланды. Екі мыңыншы жылдары осы мамандыққа баратындардың қатары күрт көбейді. Кейінгі 3-4 жылда 13 жоғары орнының лицензиясын қайтарып алып, олардың «құқық» мамандығы бойынша оқытуын шектедік. Себебі оларда білім сапасы төмен болды. Бірақ әлі күнге дейін көп ата-ана балаларын заңгерлік мамандыққа бағыттап жатыр.

Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Олар «заңгер болсаң, жұмыссыз қалмайсың» деген пайымда жүр. Жалпы, студенттердің 97 пайызы ақылы түрде білім алып жатыр. Талапкерлер арасында сұраныс жоғары болғандықтан, жоғары оқу орындары оларды ақылы бөлімге қуана қабылдап жатыр

Марат СЕКСЕМБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ РЕКТОРЫ:

Менің ойымша, оқыту механизмін өзгерту керек. Оқу процесіне көбірек тәжірибелік пәндерді қосып, практикалық тәжірибесі бар мамандарды оқытуға шақырту керек.