Русский Сайттың толық нұсқасы

Сайлауалды науқан барысында саяси сөзжарыстар ұйымдастырылады

  • AstanaTV
  • 03 наурыз 2016
  • 1520

Сайлауға қатысатын кандидаттар мен саяси партия штабтары үгіт жұмыстары кезінде телеарна қызметіне басымдық берген. Бұл туралы ақпарат құралдарына мониторинг жасаған Орталық сайлау комиссиясы өкілдері хабарлады. Үгіт шаралары басталғалы бері телеарналар арқылы 1540 сюжет шыққан. Ол барлық үгіт материалдарының 47 пайызы. Екінші орында интернет-ресурстар, 29 пайыз үлес. Үшінші орында радио және соңғы орында газет-журналдар. Сайлау комиссиясы мен Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетімен бірлесіп, 222 газет, 15 журнал, 47 телеарна, 12 радиоарна мен 162 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсты сүзгіден өткізген. 


Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: 

Мониторинг деректері партиялардың, кандидаттардың, БАҚ-қа тең қол жеткізуін, ал сайлаушылардың олардың бағдарламалары мен мақсаттары, және іс-шаралары толық сенімді және жедел ақпарат алуға мүмкіндігі бар екенін көрсетіп отыр.


 Ләззат Мүлеймен сондай-ақ үгіт жұмыстары аясында саяси сөзжарыстар ұйымдастырылатынын айтты. Орталық сайлау комссиясы оның уақыты мен тәртібін кейін хабарламақ.


Азамат АЛДОҢҒАРОВ