Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұшақтардың ақауынан кейін Boeing-тің бас директоры қызметінен кетпек

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2024
  • 772

Boeing әуе кемелерінің қауіпсіздік мәселелеріне байланысты компания басшылығында ауқымды өзгерістер орын алып, директор қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Голос Америки сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Boeing бас директоры Дэйв Калхун қаңтарда 737 MAX ұшағында ұшу панелінің жарылысынан кейін жыл соңына дейін қызметінен кетеді. Boeing компаниясының басқарма төрағасы Ларри Келлнер мен компанияның коммерциялық басшысы Стэн Диль де отставкаға кетеді.

Соңғы оқиға әуекомпаниялардың өндірушіге деген сеніміне нұқсан келтіріп, оның өндірісін ұлғайтуды қиындатты. Калхун 2018 және 2019 жылдары 350-ге жуық адамның өмірін қиған екі апаттан кейін бас директор болып тағайындалған.

Кейбір инвесторлар басшыларды өзгерту барлық мәселелерді шешу үшін жеткіліксіз деп санайды.

Компания бірқатар федералды тергеулердің орталығында және АҚШ билігі ұшақтардың өндірісін шектеді, өйткені Boeing өз өнімдеріндегі қауіпсіздік пен сапа мәселелерін түзетуге тырысады.

Калхун отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Ол ұшақтардың сапасына қатысты мәселелерді шешу үшін жылдың соңына дейін қалғысы келетінін айтты.

Qualcomm компаниясының бұрынғы бас директоры Стив Молленкопф басқарманың жаңа төрағасы болып тағайындалды және енді келесі бас директорды іздейді.