Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл тарифтердің күрт өсуі болмайды - Серік Жұманғарин

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2017
  • 2450

Ал ұлттық экономика министрлігі биыл тарифтердің күрт өсуі болмайды дейді. Ведомство дайындаған жаңа заң жобасы бағаларға әсерін тигізбейді. Бұл туралы «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасының тұжырымдамасын талқылау барысында вице-министр Серік Жұманғарин мәлімдеді. Айтуынша экономикалық саясат жөніндегі кеңесте реттелетін қызметтерде инфляция деңгейінің үлесі - 1,2 пайыз шамасында бекітілген. «Бұл - егер инфляция 6 пайыз болса, онда реттелетін қызметтердің деңгейі 1,2 пайыздан аспайды деген сөз.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Ешқандай тарифтердің болашақта өсуіне бұл өзгерістер ықпал етпейді. Тарифтердің деңгейі үкіметтің қатаң бақылауында. Қазіргі уақытта бар и болашақта осылай қалады.

Сондай-ақ, Серік Жұманғариннің айтуынша, 2017 жылы азаматтық авиация нарығына терең талдау жасалады. Эйр Астананың қолданып жатқан тетіктері мен құралдарын дұрыстап қараймыз, олардың заңды-заңсыздығы тексеріледі. Бұл мәселені жылдың аяғында тағы қарастырамыз. Бұл тұтастай азаматтық авиация саласына қатысты, - деді вице-министр.