Русский Сайттың толық нұсқасы

Қорғаныс министрлігінің әскери ұшқыштары апатты аймақтан 100 аса адамды эвакуациялады

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2024
  • 828

Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті тұрғындарына Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері көмекке жетті. 

Іс-шараларға Ми-171Ш, Ми-17 және Ми-8 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары кірісті. 

Қостанай облысында әскерилер Қызылжұлдыз, Екідін елді мекендерінде және жақын маңдағы су басқан қыстақтардан 102 адамды, оның ішінде 32 баланы эвакуациялады.

Ұшу аралығы 130-150 шақырымды құрайды. Қараңғы кезде ұшу түнгі көру құрылғысы арқылы жүзеге асырылуда. 

Әскери ұшқыштардың ұшу тапсырмасы – су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарды іздеу және оларды көшіру. Ұшқыштар күрделі ауа-райында 400 шақырым қашықтықты еңсеруі керек.