Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан әлемде ажырасу көрсеткіші бойынша 9 орында

  • AstanaTV
  • 20 қаңтар 2017
  • 4417

Астанадағы Сарыарқа аудандық сотының мәліметінше, жыл сайын бір ауданның өзінде неке бұзу туралы 1000-ға жуық өтініш қаралады. Оның негізгі себебі, жұмыссыздық пен теріс әрекеттерге әуес болу. Өз есімін атамауды сұраған Астана тұрғыны жолдасының ойынқұмар болғанын айтады. 7 жылда отбасы бар мүлкін сатып, бірнеше банкке 3 миллиондай қарызға кірген.

Алкоголизм, наркомания сияқты ғой. Наркотикті таратқан адамдарға заң бар ғой. Оларға кәдімгідей заңды түрде қаншама жыл бас бостандығынан айыру заңы. Енді бұл да ойын, ойын болғандықтан, адамның денсаулығына да, кәдімгідей арбап алғандықтан, қандай да бір заңдар қолданылса деп ойлаймын. 

Отбасы құндылықтарын басты орынға қоятын қазақ қоғамы ажырасу бүлігінен неге айыға алмай отыр? Баласынан бас тартып, қол ұшын бермей жүрген әкелердің саны қанша?  Ертең сағат 20:00-де «Біздің уақыт» бағдарламасын өткізіп алмаңыздар!