Оқиға Екібастұз қаласы маңында, 7-8-ші сорғы ауданында болған. Ер адам абайсызда мұз жарығына түсіп кетіп, көз жұмды деген болжам бар.
Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«28 наурыз күні сағат 17.55-те-де Екібастұз қаласында, 7-8-ші сорғы ауданында 1951 жылғы азамат жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Ол соңғы рет сағат 12.00-де байланысқа шыққан. Арада біраз уақыт өткен соң немересі оның көлігін су қоймасының жағасынан тапты. Бүгін таңертең 5 құтқарушы іздеу-құтқару жұмыстарына кірісті. Олар балықшының мүрдесін судан алып шықты», деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.