Абай облысының тұрғыны көлікті басқара алмай, көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 976-шы шақырымында болған.
Lada Kalina жүргізушісі көлікті басқара алмай, қоршауға соғылып, салдарынан көпірден құлап кеткен. 23 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болған.
Полицейлер оқиғаның мән-жайынанықтап жатыр.