Русский Сайттың толық нұсқасы

Газа секторы:«15 күнде бір жуынамыз»

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2024
  • 453

Газа секторында жаппай түрлі індет таралып жатыр. Әсіресе тыныс алу жолдарына қатысты ауру көбейген. Бұдан бөлек, іш өту, қышыма, желшешек, бөртпе және менингит пен биттеу өршіп тұр,-деп хабарлайды 24кz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазірдің өзінде ондаған мың адамның түрлі ауруға шалдыққанын хабарлап, дабыл қағып жатыр. Палестиналықтар ауылшаруашылығына арналған құбыр арқылы келетін, ішуге мүлде жарамсыз суды тұтынуға мәжбүр. Ислам әл-Бағдади, жергілікті тұрғын: - Ішетініміз – тек қана лас, тұзды су. Бұған ересектер төзімдіміз. Бірақ балаларымыз шыдай алмай жатыр. Іштері ауырады. Жүрегі айнып, бірнеше күн сусыз жүретін кездері көп. Жуынатын бөлмелер де жетіспейді. Індеттің тез таралуына ауыз судың тапшылығынан бөлек, дәретханалар мен жуынатын орындардың жетіспеушілігі және көпшілік орында тазалық талаптарының сақталмауы да себеп. Рафах қаласында 3600 адамға бір себезгіден, ал 850 адамға бір дәретханадан келеді. ЮНИСЕФ әлемдік стандарт бойынша, әрі кеткенде 20 адамға бір дәретханадан болуы керек дейді.

Суад Әбу Хасан, жергілікті тұрғын:- Бір жұтым су іздеп, күніне бірнеше шақырым жерді шарлаймыз. Ішпек түгілі жуынуға су таппай, қиналамыз. Балаларым 15 күнде бір рет қана суға түсіп жүр. Тамақ істеуге де су қажет.