Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңадан қызметке тағайындалған Әлихан Смайылов Президентпен кездесті

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2024
  • 703

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Кездесу барысында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыру мәселелері талқыланды.

Президент Жоғары аудиторлық палатаға бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді және рационалды жұмсалуын республикалық, сондай-ақ жергілікті деңгейде қатаң бақылауды қамтамасыз ету міндеті жүктелетінін айтты.

Әлихан Смайылов мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі ой-пікірін жеткізді, сондай-ақ ведомствоның осы жылға арналған жоспары туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі жүктелген міндетті сапалы орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.