Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді ем алушылар дәрігерге терапевтің жолдамасын алмай-ақ қарала береді

Енді медицина мамандарының қабылдауына кіру үшін терапевтен жолдама алудың қажеті жоқ. Шұғыл және жоспарлы көмек керек болса, офтольмолог, лор, стомотологқа бірден кіре аласыз. Тіркелген жері бойынша пациент дерматолог, акушер-гинеколог пен психологтың қабылдауына да тікелей жазыла алады. Бұл қатарда онколог пен онкогематолог та бар. Сондай-ақ, жастар денсаулық орталығындағы мамандарға да тікелей қаралуға болады. Жылжымалы медициналық кешендердің қызметіне де жолдамасыз жүгінуге мүмкіндік бар. 

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Пациент екінші рет келуі керек болса, профилді дәрігерлер терапевтен жолдама талап ете алмайды. Жалпы тәжірибелік дәрігер қазір іс жүзінде 3 функцияны атқарады. Ол иммундауға, салалық дәрігерлерге жолдама беру және денсаулыққа қатысты парақ ашу. Біздің алдағы мақсатымыз - терапевтердің біліктілігін арттыру. Халықаралық тәжірибеге сәйкес біз оларды мүлдем жүйеден шығарып тастай алмаймыз.