10 мыңнан астам адам құмар ойынға, бәс тігуге өзіне шектеу қойды. Оның 7 мыңнан астамы өтінішті онлайн форматта «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы берген. Енді олар букмекерлік кеңселердің заңды сайттарына кіре алмайды. Өтінішті электроны цифрлық қолтаңба арқылы береді. Қағаз жүзінде де қалдыруға болады. Бірақ өңдеу мерзімі ұзақтау.